Таразда қоқыс жәшігі жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Таразда қоқыс жәшігі жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды
Фото: еlements.envato.com

Тараз полициясына қоқыс жәшігі жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді. 

Қазір оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек