Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшыларының қатысуымен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Премьер-Министрдің желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.
"Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп жазылған ресми парақшада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!