Таразда қауіпті қылмыс жасады деген күдікті іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекенге іздеу салады", - делінген хабарламада.
Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек.
"Күдікті Nike жазуы бар қара бас киім, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген".
Іздеудегі адамның жүрген жері туралы ақпарат білетін азаматтардан полицияға хабарлау сұралды.
Бұл ретте, кейбір БАҚ дереккөздеріне сілтеме жасап, ер адамның тергеу амалдарын жүргізу үшін қалалық полиция бөлімдерінің біріне жеткізіліп, кейін ол жерден қашып кеткенін хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!