Таразда дрифт жасаған жүргізуші бес тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережесі өрескел бұзылғанын анықтады.
Қала көшелерінің бірінде BMW көлігінің 22 жастағы жүргізушісі дрифт жасап, жол қозғалысына қатер төндірген, түнгі тыныштықты бұзып, жол жабынына зақым келтірген.
"Ол сот шешімімен кінәлі деп танылып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз