- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда Қаңтар оқиғасы...
Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен қылмыс жасалған
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Тараз тұрғынына Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудан оқ тиген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, кісі өлімі дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша қару Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының Полиция департаментінен ұрланған. Қазір олардың осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп жазылған өңірдің ПД жауабында.
Полиция өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова