- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда "қалжыңбас" оқушы...
Таразда "қалжыңбас" оқушы ұсталды
Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқаны үшін 11 жастағы "қалжыңбас" оқушы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Таразда 11 жастағы бала әпкесінің телефонын алып, полицияға қоңырау шалған. Осылайша, ол "мектепке лаңкестер шабуыл жасап жатыр" деп жалған мәлімет берген.
"Қоңырау түскен бойда полицейлер мектепке шұғыл жіберілді. Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды. Полиция бүкіл ғимаратты және оған іргелес аумақты толық тексерді. Нәтижесінде қандай да бір зат пен бөгде адамдар табылмады", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары бұрын осы мектепте оқыған баланы ұстады.
"Психологтың, ата-анасының және мұғалімнің қатысуымен жүргізілген әңгіме барысында оқушы әпкесінің ұялы телефонынан қоңырау шалып, қалжыңдамақ болғанын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша соталды тергеу басталды.
Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқаны үшін жаза өте қатаң екенін ескертеді. Яғни 17 миллион 250 мың теңге (5 мың АЕК, 1 АЕК - 3450 теңге) немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова