"Қала күні" мерекесіне орай Орталық стадионда алғаш рет жұлдызды құрамалар арасында медиафутбол ойыны ұйымдастырылды.
Шараның ашылуында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, командаларға сәттілік тіледі.
Көрермендер көптен күткен ала доп аламында "Тараз жұлдыздары" мен "Жайдарман" құрамалары өзара шеберлік байқасып, шын мықтыны анықтады.
"Жайдарман" құрамасының сапында көңілді тапқырлар ойындарының жұлдыздары, танымал әншілер, блогерлер, әртістер мен өзге де қоғам белсенділері доп тепсе, "Тараз жұлдыздарының" қатарында Әулиеата өңірінің белгілі өнерпаздары, спорт және мәдениет саласының майталмандары жасындай жарқылдады.
Футбол ойыны аясында концерттік бағдарламалар мен ұтыс ойындары да ұйымдастырылды.
Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде "Тараз жұлдыздары" "Жайдарман" құрамасынан 5:2 есебімен айласын асырды.
Материалды Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!