Таразда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан шұңқырға көлік құлап кетті. Автокөлікте жүргізушінің жұбайы мен екі баласы болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Төрт метр тереңдікке құлаған көліктегі төрт адам түрлі дене жарақатын алды. Төле би мен Абай даңғылы қиылысындағы жол бөлігі жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары үшін жабылған.
Полицияның айтуынша, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол белгілеріне қарамай өтіп кеткен. Ал жұмыс жүргізіп жатқан мердігер қазылған шұңқырдың айналасына қоршау қоймапты.
Қазір қауіпсіздікке бейжай қараған компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!