Таразда қоғамдық көлікте тосын жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 9 наурызда №11 қалалық автобус салонында кешкі уақытта болған. Желіде оқиғаның видеосы тарады.
Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы маршруттың жүру уақыты аяқталғанына қарамастан жүргізушіден жүруді талап еткен. Салдарынан жанжал шығып, төбелес кезінде жүргізуші пышақ жарақатын алған.
"Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деді Жамбыл облысы ПД өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова