Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының шекарасында «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансасының желісі жер сілкінісін тіркеді -, деп хабарлайды Inform.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің кіндігі таулы жерде, 12 шақырым тереңдікте, ОҚО-мен шекаралас Талас ауданы аумағында, Тараздың оңтүстік-батысына қарай 99 шақырым жерде.
Энергетиклық сыныбы K=9, магнитудасы mb=4,3, деп нақтылады Жамбыл облысы ТЖД.