- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған ақпарат берген тұрғын
Таразда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Тараздағы ұялы байланыс операторының ғимаратына жарылғыш құрылғыны қойып кеткенін хабарлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шұғыл түрде Жамбыл облысы полиция департаментінің арнайы саперлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ ҰҚКД, ТЖД қызметкерлерімен аталған орталық ғимараты тексеріліп, ешқандай жарылғыш зат анықталмады.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданының таулы алқабындағы шаруа қожалығынан 42 жастағы азамат анықталып, ізін суытпай ұсталды.
Одан айғақ зат ретінде ұялы телефоны тәркіленіп, қамауға алынды. Терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина