- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда жалған нөмірмен...
Таразда жалған нөмірмен жүрген тұрғын полицейлердің көзіне түсіп қалды
Таразда жалған нөмірмен жүрген тұрғын полицейлердің көзіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тараздық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған элиталық кластағы "Mercedes Benz" маркалы автокөлікті анықтады.
Автокөлік жүргізушісі айыппұл болған жағдайда төлемеу үшін мемлекеттік нөмірін ауыстырғанын айтты.
Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соттың шешімімен ол көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айырылды. Сондай-ақ 2 тәулікке қамаққа алынып, 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина