Таразда ғимараттан секірген 19 жастағы қыздың ата-анасына жазған хаты бар екен

Таразда ғимараттан секірген 19 жастағы қыздың ата-анасына жазған хаты бар екен
Фото: pixabay.com

Биіктен секіріп кеткен тараздық бойжеткеннің жағдайы ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, жансақтауда жатқан науқасқа бірнеше ота жасалуы керек екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Шоктан шығарылып жатыр, бірақ әлі де жағдайы ауыр. Басынан, кеудесінен жарақат алған, жақ сүйектері, жамбас сүйектері қатты сынған. Ертең ота жасалады", - дейді Тараз көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Ғамзат Мұсаев.

19 жастағы студент өте ауыр хәлде жеткізілген. Тыныс алу аппаратына қосылған, өздігінен сөйлей алмайды. Дәрігерлер науқастың аяққа тұрып кететініне сенімді, бірақ ұзақ емделуі керек.

Ол қаладағы қараусыз тұрған ғимараттан секірген. Бесінші қабаттан құлаған студент тірі қалды. Қазір полицейлер оның не үшін мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр. Оның хат жазып қалдырғаны да айтылды. Онда ата-анасына "Үміттеріңді ақтамағаным үшін кешірім сұраймын" деп жазылған екен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан