- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда газ беру...
Таразда газ беру жүйесі 2019 жылға дейін 100% жаңартылмақ
Тараз қаласының газ беру жүйесі 2019 жылға дейін 100% жаңартылады.
Бұл мақсатта арнайы тың жоба қолға алынған. Қазір шаһардағы ескірген төмен қысымды газ құбырлары орта қысымды жерасты құбырлармен алмастырылып жатыр. Бұл екі сатылы газбен жабдықтау жүйесіне көшу жөніндегі инновациялық бастама бүгіннің өзінде қаладағы газ қысымының жеткіліксіздігін жойды. Осы игі істі 2011 жылдан бері қолға алған ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Тараздағы торқалы тойға тағы бір тарту жасады. Газ беру жүйесін жаңғырту жұмыстары Таразда биыл төртінші жыл жүріп жатыр. Инвестициялық жоба толығымен аяқталғанда газ жеткізетін құбырлардың 940 шақырымы ауыстырылмақ.
Сулейман Тұрбек, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының бас инженері: - Жоба басталғаннан бастап 633 шақырым газ құбырлары, жер асты құбырлары полиэтиленді құбырлармен қойылып бітті. Бұл 65-66%-ды құрайды. Бұдан бөлек қаладағы жеке сектордағы үйлерге 14 мыңнан астам заманауи жеке шкафтық таратушы пункттер қойылған. Қазір тұрғындар жаңғыртылған жүйенің игілігін көріп отыр. Қысым тұрақты, газ беру іркіліссіз.
Талша Мырзатайқызы, қала тұрғыны: - Қыстың суық кезінде газдың қысымы төмендеп кетіп, пешіміз ылғи өшіп жататын. Өйткені ол газдың қуаты пешті игеруге келмей жатады. Былтыр күзде жер асты құбыры тартылып, осы үйге газ беріліп жатыр. Сол газдың жақсылығын біз қыстай көріп шықтық.
Мұндай ауқымды жаңғырту жұмыстары ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Тараз және Шымкент қалаларында жүргізіліп отыр. Жаңғыртуға кеткен барлық шығын «ҚазТрансГаз» АҚ-ның меншікті және қарыз қаражатының есебінен жүргізіледі.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы