- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда ер адам...
Таразда ер адам шетелдіктерді құлдықта ұстаған
Таразда ер адам шетелдіктерді құлдықта ұстаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараз полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түскен.
Арызда жәбірленушілер ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойып, Тараздағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін айтқан. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша (бас бостандығынан заңсыз айыру) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алып жатқанда ұсталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Құрықтау барысында одан 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат, Redmi 7 телефоны және құжаттар тәркіленді. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек