Таразда есірткі сатушылардан мефедрон тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушыларды ұстады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұзақ уақыт бойғы жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті, яғни Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмеден жалпы салмағы 122,37 грамм мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Яғни 330-дан аса доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасына бағаланады.
"Екі жақын дос Тараз қаласында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушылар тұтынушылармен кезекті келісімнен кейін ұсталды", - деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!