- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда дәрігерлер сәбилерді...
Таразда дәрігерлер сәбилерді саудалады деген күдікке ілінді
Фото:
elements.envato.com
Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз прокуратурасы Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, балалар саудасы дерегін анықтаған.
"Осы дерекке қатысты 12 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 135-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі тергеуді қала прокуратурасы бақылауына алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова