Таразда бір қабатты ғимарат өртенді

Бүгін, 26 тамызда Таразда Төле би көшесінде құрылысшылардың тұрмыстық қажетіне арналған бір қабатты ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 200 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!