Таразда банк бөлімшесі маңынан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің редакцияға берген жауабына сүйенсек, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді полиция.
Қазір оқиғаны жан-жақты, толық зерделеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желі мен БАҚ-та марқұм оқ жарақатынан көз жұмғаны, бұл жағдайға қарыз дауы себеп болуы мүмкін екені туралы расталмаған ақпарат тарап жатыр. Алайда полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейтінін мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!