Таразда “балға ұстаған маньяк жүр“ деген қорқынышты хабар тарады: полиция пікірі

Таразда “балға ұстаған маньяк жүр“ деген қорқынышты хабар тарады: полиция пікірі
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде "Таразда балға ұстаған маньяк байқалды, зардап шеккендер бар" деген ақпарат тарап жатыр. Полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сонымен қатар, полиция облыс орталығының шағынаудандарының бірінде ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

"Күдіктіні анықтау және ұстау мақсатында жедел тергеу және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, полиция заңнамаға сәйкес жалған ақпарат, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы мұндай хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget