Кеше, 19 желтоқсанда түнде Тараздағы Жамбыл балалар ауруханасында өрт шықты, кейінірек толығымен сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын хабарлады.
Медициналық мекеменің жертөлесінде компьютерлік томографиялық қондырғы өртенгені белгілі болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары түтін басқан аумақтан 42 адамды, оның ішінде 30 баланы далаға алып шықты.
"Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!