Таразда балабақша директоры қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Тараз қаласының прокуратурасы "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.
Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алған.
Бұл дерек бойынша 25 ықркүйекте Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!