Жамбыл облысында аурухана басшылары 758 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Таразда көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен есепшісін ұстады.
Күдіктілер қамауға алынды. Алайда Антикор ірі көлемдегі ақшаның қалай ұрланғанын ашып айтпай отыр. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
"Келген шығын 758 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз