Жануар алысқа ұшып кеткен: Таразда атқа мінген жасөспірім көлікке соғылды

Таразда атқа мінген жасөспірім көлікке соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қатты жылдамдықпен шауып келе жатқан ат көлікке соғылып, алысқа ұшып кеткені көрінеді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, Toyota көлігі және атқа мінген кәмелетке толмаған жасөспірім жол апатына ұшырауына байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Баланың ата-анасы кәмелетке толмаған жасөспірімді тәрбиелеу, құқығы мен мүддесін қорғау, сондай-ақ, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Жасөспірім аман екені, оқиға салдарынан жануар өлгені айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!