Таразда алаяқ мүгедек әйелдің пәтерін заңсыз сатып жіберген

Таразда алаяқ мүгедек әйелдің пәтерін заңсыз сатып жіберген
Фото: elements.envato.com

Жамбыл облысында алаяқ мүгедектігі бар адамның пәтерін заңсыз иемденіп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысының прокурорлары мүгедектігі бар тұлғаның пәтер құқығын қалпына келтірді.

Алаяқтар көбінесе құрбандарының мүлкін заңсыз иемдену үшін олардың сенгіштігі мен дәрменсіздігін пайдаланады.

Атап айтқанда, Тараз прокуратурасы психикалық ауытқушылықпен ауыратын І топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену дерегін анықтады.

2023 жылдың маусымында алаяқ оның жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Таразда "Қаратау" мөлтек ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 миллион теңгеге сатып жіберген.

Прокуратураның талап-арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.

Сонымен қатар қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды.

Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек