Таразда Tiktok видео үшін тротуармен жүрген жүргізуші жазаланды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Полиция анықтағандай, Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны Tiktok видео үшін ереже бұзған. Жарияланған бейнежазбада Lada автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалып, олардың өміріне қауіп төндіргені көрінеді. Белгілі болғандай, жас жігіт көлік тізгінінде отырып, ермек үшін қауіпті әрекеттерге барған. Кейін түсірген бейнежазбаларын TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тротуардың жаяу жүргіншілерге арналғанын ескертеді. Жол қозғалысы қағидаларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!