Таразда 5 қабатты тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"16 сәуірде сағат 03:55-те Таразда Төле би көшесі, 4-үйде 800 шаршы метр аумақта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 100 адам, оның ішінде 60 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады", - деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖМ өкілдері.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 54 қызметкері мен 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт таңғы сағат 05:12-де оқшауланып, 05:42-де сөндірілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!