- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жүктілік
Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болған: тың деректер шықты

Таразда 15 жастағы оқушы өгей әкесінен жүкті болғаны анықталды. Екі айлық шақалақтың биологиялық әкесі 54 жастағы ер адам екенін ДНК сараптамасы көрсеткен. Азғындық жасаған өгей әке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
"ҚР ҚК 120-бабы,3\1 бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл обылсы ІІД баспасөз қызметі өкілі.
Телеарна мәліметінше, оқушы жүкті болғанын мектеп те, емхана да байқамаған. Дәрігерлер тек босанғанда білген. Алайда олар оқушы қыздың уақытылы емханаға келіп, тиісті тексерістен тұрақты өтіп тұрғанынын айтады. "Әрдайым жанында өгей әкесі жүретін", - дейді ақ халаттылар.
Жүктілігінің бесінші айында Жамбыл жоғарғы мединицаналық колледжіне ауысқан оқушы оқу жылының ортасында босанған. Қазір ол академиялық демалыста. Ал екі айдан бері нәрестені "немерем" деп келген өгей әке қамауға алынды. Қазір полиция департаменті өгей әкенің қаршадай қызды қанша жылдан бері қорлап келгенін анықтап жатыр.
"Қыз үнемі осы өгей әкесімен дәрігерге қабылдауға келіп жүрген. Дене құрылысында еш өзгеріс байқалмаған. Өз тарапынан шағым болмағаннан кейін жүктілік бойынша есепке алынбаған", - дейді №7 Тараз емханасының бас дәрігері Әлия Шатаева.
Бұған дейін қандай оқиға болды?
Еске салайық, бұған дейін дәрігерлер елдің батысында жүкті болып қалатын қыздар көбейгеніне алаңдап отырғаны хабарланды. Кейінгі бес жылда бір ғана Атырау облысында 800-ден аса кәмелет жасына толмаған қыз жүкті болған. Облыс бойынша 2020-2024 жылдар аралығында 794 оқушы қыз жүкті болған. 2024 жылы мұндай 127 жағдай тіркелсе, ең жоғарғы көрсеткіш 2021 жылы (194 жүктілік) анықталған. 419 жасөспірімнің 45-і жүктілігін бастапқы кезеңде тоқтатқан. Ал мамандар ерте жаста түсік жасатудың денсаулыққа аса зиян екенін айтып отыр.
2024 жылы Павлодар облысында да 12 жастағы қыз босанды. Оқушы зорланған. Кейінірек балалар омбудсмені Динара Зәкиева бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.
Депутаттың пікірі
Жуырда сенатор Нұртөре Жүсіп кейінгі бес жылда жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші шамамен 1,5 есеге артқанын мәлімдеді.
"2023 жылы қаршадай қыздар арасында 5 094 босану дерегі тіркеліп отыр. Бұл - сол кезеңдегі жалпы туу көрсеткішінің 1,3 пайызы. Имандылықтың ұясы деп есептелетін ауылдық жерде екі есе артып отыр. Жап-жас қыздарды қорлау да көбейді, тіпті зорлау көбейді. Бұл жағдай да ерте жүктілікке әкеледі. Бірақ көбіне мұндай оқиғалар жабулы күйінде қалып, қыздар ішінен тынып қалады. Көрсек те көрмеген болып, білсек те білмеген болып осылай отыра береміз бе?" - деді сенатор.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова