Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның денесі үйінің маңындағы гараждан табылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, қайғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан.
Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. 14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.
"Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) соталды тергеу жүріп жатыр", - дейді Тараз қаласы полиция басқармасының ресми өкілі Әзімхан Жанерке.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!