- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда 102 жастағы...
Таразда 102 жастағы қария құжат алды
Таразда 102 жастағы тұрғын мерзімі өткен жеке куәлігін айырбастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Көші-қон қызметі құжатты қарияның үйіне өздері әкеліп берді. Ғасыр жасаған Кемелбек Шәменов - соғыс ардагері. Ақсақал Түркістан облысына қарасты Шәуілдір ауданында дүниеге келген. Соғыстан кейін түрлі салада еңбек еткен.
Бүгінде қарт майдангер қызының қолында тұрады. Ол қызының өзі 70-тен асыпты. Өзі 4 баладан 15 немере мен 2 шөбере көрген.
Жалпы, бүгінде Жамбыл облысында 17 соғыс ардагері тұрады. Ал тоқсан мен жүз жас аралығындағы 10 мыңнан аса қария бар.
"Денсаулығы шектеулі азаматтар көші-қон қызметі орнына бара алмайтын азаматтар өтініш білдірген жағдайда, осындай өзіміздің қызметіміз бойынша жеке куәлікпен құжаттандырамыз. Бүгінгі мына атамыздың жасы 102-де. Жыл басынан бері осындай 80 мен 100 жас арасындағы 38 қарияға жеке куәлік бердік", - дейді қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Совет Кенжебаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина