Таразда 10-сынып оқушысы төбелестен кейін көзінен айырылды

Таразда 10-сынып оқушысы төбелестен кейін көзінен айырылды
Фото: Видео кадры

Таразда гимназиялардың бірінде 10-сынып оқушысы үзіліс кезінде соққыға жығылған. Жасөспірімге ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Туыстарының айтуынша, ол ауыр хәлде.

"Инфекция миға жетпеуі үшін дұға етіңіздер" деді. Миы шайқалған, контузия алған дейді. Көзі ағып кеткен, көз түбі толық зақымданған", - деді жасөспірімнің анасы Зухра Кәрімова.

Оқиға сабақ арасындағы үзілісте ұлдар киім ауыстыратын бөлмеде болған. 15 жастағы Дамирді ол жерге 9-сынып оқушылары шақырған. Бейнебақылау камерасына түскен кадрларға қарағанда, әңгіме бірден төбелеске ұласқан. Жасөспірім көзінен ауыр жарақат алып, ота жасатқан. Оның есінде ештеңе жоқ. Анасына күдіктілердің қолынан темір бірнәрсе көргенін ғана айтқан.

Полиция болған оқиға бойынша соталды тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Тергеу нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады", - деді Жамбыл облысы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget