Жамбыл облысында тұрғыннан 5 миллион теңге бопсалаған қоғам белсендісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тараз қаласының тұрғыны өзін бопсалап жүрген адам барын айтып, арызданған. Өтініш иесінің сөзінше, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметті әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, оны жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезінде ұсталды", - деді өңір полициясы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова