Тараз тұрғыны қауіпті дрифт жасап, 10 тәулікке қамалды

Тараз тұрғыны дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнгі уақытта бейнебақылау камералары BMW көлігі қауіпті дрифт жасағанын тіркеген. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзған адамды анықтап, ұстады.

Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Күдікті жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді Жамбыл облысы ПД өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!