- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тараз тұрғыны 19...
Тараз тұрғыны 19 жылдан бері өзінің тірілер қатарында жоқ екенін біліп, есеңгіреп жүр
Тараздың 59 жастағы тұрғыны Олег Ким 19 жылдан бері өзінің тірілер тізімінде жоқ екенін білген. Ол мұны зейнетақы қорындағы қаражатын түгендеуге барғанда естіпті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Зейнетке шығума аз қалды. Сол себепті қордағы қаражатымды тексергім келді. Сөйтсем, мамандар маған таңырқай қарайды. "Сізге қызмет көрсете алмаймыз, себебі тірілір тізімінде жоқсыз" дейді. Қолыма қағазды ұстатты. Мен Алматы қаласы Түрксіб ауданы соттының шешімімен 2004 жылы марқұмдардың санатына қосылған екенмін", - дейді Тараз тұрғыны.
Сотқа жүгінген Олег Кимнің бұрынғы әйелі екен. Ол 1990 жылы алматылық қызбен үйленіп, 2000 жылдардың басында ажырасып кеткен. Содан бері екеуі бір-бірін көрмеген. Олег 2003 жылы қарақшылық бабымен 9 жылға сотталған.
"Бұрынғы әйелім мені іздеп таппаған деп ойлаймын. Біз заңды түрде ажырасқан жоқ едік. 10 жастағы қызым қалған болатын. Мен із-түзсіз кеткесін, сотқа жүгінген болуы керек. Ал судья қайтыс болды деген шешім шығарған, бірақ мені ешкім іздеген жоқ", - дейді ол.
Олег осыған дейін ешқандай қиындықсыз өмір сүрген. Банк картасына тұрақты түрде жалақысы түсіп тұрған. Тіпті екі жыл бұрын ескірген төлқұжатын да ауысырыпты. Оның қайтыс болғаны туралы дерек электрон ортақ базаға тек 2021 жылы енгізілген екен. Ал АХАТ бөлімінің басшылығы азаматтық мәселесін шешу аса қиын емес дейді.
"Бұл кісінің статусын қайтару үшін АХАТ бөліміне жүгіну керек. Қайтыс болу акті жазбасын жою үшін өтініш жазуға тиіс. Содан кейін бұл кісіге Түрксіб ауданы сотының 2004 жылғы шешімін жою үшін сотқа жолдама береміз. Сол жою фактісін әкелгенде, біз оны жойып тастаймыз. Одан кейін статусы өзгереді", - дейді Тараз АХАТ бөлімінің басшысы Бақытнұр Тілеубекқызы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан