- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тараз перзентханасында жүкті...
Тараз перзентханасында жүкті әйел өзіне қол жұмсады
33 жастағы жүкті әйел Тараз қаласының перзентханасының жуынатын бөлмесінде асылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, әйел алдамшы толғаққа байланысты бақылауда болған және қажетті ем-дом шараларын қабылдап жатқан. Ауруханада жатқан уақытта оның ешқандай психологиялық ауытқуы байқалмаған.
Қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті тергеу шараларын бастады.
"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары ҚР ҚК 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша жүргізіледі", - делінген полиция хабарламасында.
Әйелдің үш баласы және күйеуі бар, үлкені алты жаста, қалған екеуі балабақшаға барады екен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz