- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тараз әкімдігінің лауазымды...
Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына сотқа дейінгі тергеу басталды
Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заңбұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдаланып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.
"Бұл азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады. Қазір тергеу, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова