“Тарақандар өріп жүр“. Жолаушылар пойыздағы адамшошырлық вагондарды көрсетті

Оралдық жолаушы "Маңғышлақ-Орал" пойызындағы вагондардың жағдайына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мamochki_aktau_ryadom_new атты парақшада жарияланған жазбада "Маңғышлақ-Орал" пойыз вагондарындағы жағдайды сынға алды. 

"Маңғышлақ-Орал" бағытындағы вагондар сұмдық, қайтып бара жатқандары да солай. Балалар бөлек ұйықтауға қорықты. Тарақандар өріп жүр, телефон қуаттайтын жер жоқ, дәретханалар сұмдық күйде. Адамдардың шағымын тыңдайтын жолсеріктерді аяймын. Қысқасы, сұмдық енді", - дейді ол.

 сурет: inaktau.kz 

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Оралдан Маңғыстауға тікелей пойыз жүре бастады. Ол 8 вагоннан тұрады. Маңғыстау "Жолаушылар тасымалы" учаскесінің басшысы Қалиолла Сахиевтің екі жыл бұрын берген сұхбатында вагондардың жаңа екенін, Қытайда жасалғанын айтты.

Бұған дейін Маңғыстаудан Батыс Қазақстан облысына бет алған жолаушылар алдымен Ақтөбеге жол тартып, кейін "Ақтөбе-Орал" пойызына мінетін.

Еске салайық, көлік министрлігі Қазақстанда 2024 жылғы 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20% қымбаттағанын хабарлаған еді. Осыған байланысты қызмет сапасының артуын тексеру мақсатында "Қазақстан теміржолы" Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының ресми жауабын алған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!