- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тарақан басып жатыр":...
"Тарақан басып жатыр": Ақтаудағы гипермаркетке 6 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Желіде дүкендегі мұздатқыш қақпағында жүрген жәндікердің видеосы тарады. Ақтаудағы гипермаркетке 6 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Видеода тұтынушылардың бірі наггетстер мен котлеттер сақталған мұздатқыштан тарақан тауып алған. Онда жәндіктердің дернәсілдері де болған. Автор осыған қатысты шағымын жеткізген.
"Мынаны қараңыз, тамақтарын тарақан басып жатыр. Балам көріп қалыпты. Бұл не? Жүгіріп жүр. Сұмдық", - дейді кадр сыртындағы дауыс.
Желіде тараған видеоға қатысты Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Шырақбаев пікір білдірді.
"Санэпидимиологтың куәландыруы бойынша гипермаркет басшылығына ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыппұл салынады (ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу). Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК (5 907 200 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылады. Егер айыппұл жеті күн ішінде төленсе, онда ол осы соманың 50 пайызы, яғни 2 953 600 теңге", - делінген маман пікірінде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан