Дерматовенеролог және косметолог Александра Филева скинни деп аталатын тар джинс шалбарлар адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұзақ уақыт тар шалбар кию бедеулікке әкелуі мүмкін.
"Тар шалбардың салдарынан жамбас пен балтырдағы бұлшық еттер шаншып ауырады. "Тар шалбар бедеулікке әкеледі" деген ақпарат медицинада дәлелденбеген. Дегенмен егер жабысып тұратын шалбарларды күні бойы шешпей кисе, бедеулікке әкелетіні сөзсіз. Шат аймағындағы температураның жоғары болуы ерлер ұрығы сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Ал әйелдерде қынап кандидозының өршуіне алып келеді" – деді Александра Филева.
Дәрігер мәселе скинни шалбарда емес, оның өлшемінде екенін атап өтті. Егер қарынды тартып тұратын шалбарды жиі кисеңіз, ол ас қорыту жүйесіне кері әсер етеді. Адамды асқазаннан өңештің сілті ортасына түсетін қышқылдың әсерінен пайда болған қыжыл мазалайды.
Маман тар киімдердің орнына табиғи матадан тігілген кең шалбар мен іш киім киюге кеңес берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!