Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?

Жақында ғалымдар сари секілді денеге жабысып тұратын киімдердің адам ағзасына зиянын зерттеді. Зерттеу авторлары денені қысып тұратын киімдер тері қатерлі ісігінің пайда болуына әкелуі мүмкін екенін айтты. Оған дейін де денені қысып тұратын киімдер ішкі органдардың қатерлі ісігінің пайда болуының себебі болуы мүмкін екені жайлы пікірлер тарады. Тар киімнен шынымен де қатерлі ісік пайда бола ма? Бұл сұраққа радиотерапевт Денис Романов жауп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Аif.ru"-ге сілтеме жасап.

"Мәселе қысып тұратын киімде емес (біз тар киімге қарағанда тар аяқ киім киетіндерді көп байқаймыз), ол тудыруы мүмкін тері зақымдануында. Мысалы, бірнеше сағат, күн және жыл бойы терінің қандай да бір аймағын басып тұрасыз, ал тері мұндай әсерге төзуге арналмаған. Оның жарақаттары баяу пайда болады, содан соң созылмалы жаралар сипатына ие болады, ұзақ уақыт өткеннен кейін тері қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін", - деді дәрігер.

Денис Романовтың айтуынша, жарақатты қалай алғаны маңызды емес — мұндай қатерлі ісік термиялық немесе химиялық зақымданудан туындаған тері жараларында да дамуы мүмкін. 

Алайда дәрігер бұл өте сирек кезедесетін жағдай екенін, себебі көп адам тар киімді денесінде жазылмайтын жаралар пайда болғанша кимейтінін айтты.

"Сондай-ақ барлық жара бірдей қатерлі ісікке айналмайды. Бірақ бұл жағдайды жоққа шығаруға болмайды", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Әйелдер арасында ең көп тараған қатерлі ісік жайлы не білу керек?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!