- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Таптым-ау сені“. Жайдарманшы...
“Таптым-ау сені“. Жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет үйленетінін хабарлады
Танымал жайдарманшы, актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет үйленейін деп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Нұрсұлтан Жақсыген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Лавстори мен неке қию рәсімі өтетін жер белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып, ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым”, - деп жазды актер.
Еске салайық, жақында Нұрсұлтан Жақсыген бірінші әйелімен ажырасып, әйелі екі баласына алимент төлемей жүргенін айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева