- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тапаншамен қорқытып, оқ...
"Тапаншамен қорқытып, оқ атқан": Алматыда ер адам танысын бопсалаған
Алматыда 22 жастағы ер адам танысынан жарты миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақшаны алу үшін ер адам танысын қарумен қорқытып, сендіру үшін оқ та атқан.
"Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын келіп, жаңа танысы үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалағанын айтты. Ер адам бұл істемеген жағдайда қыз бен сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақша жоғын айтқан. Сол кезде ер адам оны телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Қарсылыққа жауап ретінде пәтердің еденіне бір рет оқ та атқан. Т. қорыққаннан танысының талаптарын орындап, оған ломбард берген 235 мың теңгені табыстаған. Қыз 2,5 аптадан кейін ғана полицияға көмек сұрап жүгінген. Кеше кешке күдікті ұсталды", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.
Күдікті 22 жастағы А.-ның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 194 бабы (Бопсалау) бойынша сараланған. Ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова