- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тапаншаға ұқсас затпен...
Тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Қарағандыда шағын несие беру ұйымынан қомақты ақша ұрлағандар ұсталды
Қарағандыда шағын несие беру ұйымынан 1 миллионнан аса қаржыны қолды қылғандар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 мамырда сағат 18:00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз екі ер адам шағын несие беру ұйымына кіріп, 30 жастағы менеджерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 1 миллион 29 мың теңгені алып кеткені туралы хабарлама түскен.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
"Ауыр қылмысты ашу мақсатында департаменттің криминалдық ПБ, Қарағанды қалалық ПБ және оның аумақтық ПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамырда жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласынан осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді", - деді Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің санкциясына сәйкес, ұсталғандарға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы көзделген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова