Алматының Жетісу ауданында тосын жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік айналма жолда полиция экипажына Kia маркалы көлік келіп тоқтаған. Көлік тізгінінде отырған шетел азаматы көліктен шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
"Көліктің артқы орындығында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен. Полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, көлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеріс барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктіні ұстау кезінде жол апаты тіркелген. Өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, такси көлігімен соқтығысқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова