"Танысып жатқан сәт". Қайрат Нұртастың ажырасқан інісі бөгде қызбен көзге түсті

Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың әлеуметтік желіде бөгде қызбен вальс билегені көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің інісі өзінің TikTok парақшасында жариялады.

"Танысқан сәттен", - деп жазды әншінің кенже інісі.

@zangaar_zik

Танысып жатқан сәттен?

♬ оригинальный звук - Aybek Zhagypar

Ал желі қолданушылары Заңғар Нұртасқа бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырған.

"Бақытты бол", "Саған осындай қыз жарасады", "Жарасымды жұп", "Жібекке обал болды","Жұлдызға ұқсайды",- деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, әнші Заңғар Нұртас 2022 жылғы наурызда үйленді. Ол бұрынғы әйелімен 9 жыл жүріп, шаңырақ көтерген болатын, бірақ неке сәтсіз аяқталып ажырасқанын мәлімдеген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!