Танысын өлтірді деген күдікті полиция қызметкерін жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 сәуірде, таңертең пәтерлердің бірінен пышақ жарақаты мен зорлық-зомбылықпен белгілері бар әйел өлі табылды.
"Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жаралап, көлікке отырып қашып кеткен. Іздеу кезінде күдікті Ақтөбе-Булгарка тасжолында бірнеше көлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде күдіктінің көлігі аударылып қалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Күдікті қамауға алынды. Кісі өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!