"Танысымен қарым-қатынасы болғанын айтты": Байжанов Бишімбаевтан ұрысқа не себеп екенін сұраған

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында судья Бақытжан Байжановқа сұрақтар қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байжановтың сөзінше, Бишімбаевтан Нүкеновамен не үшін ұрысатынын сұраған.

"Неге көп ұрысасыздар?" деп айттым. Ол үйленбей тұрған кезде Салтанатта қарым-қатынас болғанын айтты. Бишімбаевтың таныс кісісімен. "Сол үшін болған жағдай жүрегімнен шықпайды" деді. Білмеймін (оқиға болған күні қандай себеп болғанын - еск.)", - дейді Байжанов.

Айта кетейік, 1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкер нақты кім екенін айтпаса да есімі Райымбек екенін атап өткен болатын. 

Көптеген дереккөздер бұл кәсіпкер Райымбек Баталов екенін жазған болатын. Ал желі қолданушылары Баталовтың әйелі Ленара Баталованың парақшасына шабуыл жасап, күйеуі туралы пікір жаза бастаған болатын. 

Ал артынша Бишімбаев ісінде аты аталған кәсіпкердің әйелі мәлімдеме жасаған еді.

Еске салайық, бұған дейін де Бақытжан Байжанов тың деректер айтты.

"Мен жедел жәрдемнің жанында болдым. Жедел жәрдемге келіп, "Бишімбаев өзін өлтірмекші" деп көмек сұрадым. "Олар "бізге кедергі келтірмеңіз, шығыңыз" деді. Сонымен бармен Абылайға хабарластым. Абылай екеуміз Бишімбаевты ұстап тұрдық", - деді Байжанов.
 
"Қуандық қолына пышақ ұстап жүрді" - Салтанат қаза тапқан жерде жұмыс істеген бармен

"Қуандықпен сөйлескен жоқпыз. Қуандық есеңгіреп жүрді. "Бақытжан, мен не істеп қойдым?! Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, бала-шағамның бетіне қалай қараймын? Енді өмір сүре алмаймын" деген сөздер болды", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!