"Танысы пышақтап кеткен". Түркістан облысында көшеде ер адамның денесі табылды
Түркістан облысында көшеде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 22 ақпанда түнгі уақытта болған. Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жәбірленушінің базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды.
Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады.
Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Ер адам кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, нәтижесінде жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша "Кісі өлтіру" соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина