"Танысу үшін үйінің алдында қонған". TikTok-та жантебірентер тренд пайда болды

"Танысу үшін үйінің алдында қонған". TikTok-та жантебірентер тренд пайда болды

TikTok желісінде жантебірентерлік тренд пайда болды. Балалары кезінде ата-аналарының қалай танысқаны туралы видео жүктеп жатыр. Олардың ішінде ерекше танысу хикаялары да бар. 

Лина есімді TikTok қолданушысының ата-анасы туралы түсірген видеосы жарты миллионнан аса қаралым жинаған. Оның сөзінше, әкесі мен анасы тойда танысқан. 

"Әпкесінің тойына барған анам және ұлжолдас болған менің әкем", - дейді Лина.

Осылайша, ата-анасы танысып, бас қосқан екен. 

@linamiyy__

♬ оригинальный звук - ??

Ал бұл оқиғада әкесі анасының бес жылдан бері көңіл жарастырған жігіті болғанына қарамастан, өзіне "қаратып" алған. 

"Әкем анамды дүкеннен көріп, ұнатып, анамның жігітін тауып алып, оны "жоқ қылып" жіберген. Осылайша, анамның көңілін таба бастаған", - дейді видео авторы. 

@aidynovnaaa1 #переписка ♬ оригинальный звук - ??

Бұл танысу оқиғасы да ерекше. Анасы қызын танысу сайтынан іздеп, тексермек болғанда өз бақытын жолықтырған. 

@noorah.f__ #переписка ♬ оригинальный звук - ??

Нәби есімді қолданушының сөзінше, әкесі кітапханадан шықпайтын оқымысты болған. Ал анасы нағыз "бұзақы" болған көрінеді. Анасы кітапханаға келіп, әкесін бір көргеннен ұнатып, кездесуге өзі шақырған екен. 

@ruslan0vnaaa_

♬ оригинальный звук - ??

Бұл танысу хикаясы да ерекше өрбіген. Анасының құрбысы жігітімен кездесуге бірге баруын өтінген. Алайда жігіт қыздың өзіне емес, ере келген құрбысына, видео авторының анасына ғашық болып қалған екен. 

@bynazerkem

??❤️

♬ оригинальный звук - ??

Амина есімді қолданушы да әкесі мен анасының қалай танысқаны туралы видео түсірген. Оның сөзінше, анасы ұйғыр, ал әкесі қазақ екен. Екеуі де "тек өз ұлтына үйлену қажет" деген қатал отбасынан шыққан екен. Алайда әкесі анасын базарда бір көргеннен ұнатып, жақындарының қарсылығына қарамай бас қосқан екен.

@amilybash Это теперь мой любимый #тренд ♬ оригинальный звук - ??

Ал бұл оқиғада оларды таныстырған жусай. Dukazi есімді қолданушының сөзінше, әкесі базарға мантыға арнап жусай сатып алмақ болған. Ал анасы ол қандай шөп сатып алып жатқанына қызығып, артынша танысып кеткен екен. 

@dukazi_ #рекомендации #врек ♬ оригинальный звук - ??

Нұрай есімді қыздың сөзінше, әкесі анасымен танысу үшін үйінің алдында қонған екен. Ал анасы жігітпен тек бір рет кездесемін деп ойлап, танысуға шыққан. 

@jkcutiie #рек #хочуврекомендации #рекомендации #elbruso #fup #fyp #мама#папа#свидание#знакомство ♬ оригинальный звук - ??

Бұл танысу оқиғасында әкесі көп қыздар ұнататын нағыз сері болған екен. Ал анасы әкесінің жасы кішірек болғандықтан қарамай жүрген. Бірақ әкесі жасына қарамастан, анасын алып қашқан екен. 

@1kanaeva Любови ❤️ #переписка ♬ оригинальный звук - ??

Бұл оқиғада да әкесі анасын бір көргеннен ұнатқан. Осылайша, ол бірден қыздың әкесіне барып, үйленгісі келетінін айтқан. 

@akx_xawx

♬ оригинальный звук - ??

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина