“Танысу сайтын пайдаланып, пәтерге шақырып шабуыл жасаған“. Алматыда үш адам ұсталды

“Танысу сайтын пайдаланып, пәтерге шақырып шабуыл жасаған“. Алматыда үш адам ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Күдіктілер жәбірленушіні пәтерге шақыру үшін танысу сайтын пайдаланып, оған күш қолданып, ірі көлемдегі ақшасын тартып алған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, үш күдіктіні ұстады. Олардың барлығы өз кінәсін мойындап, ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленген.

"Күдіктілер құрбандармен байланыс орнату үшін онлайн платформаларды бірінші рет пайдаланып отырған жоқ. Адамдармен желіде танысқан кезде өте сақ болыңыз. Таныс емес жерлерде кездесуге келіспеңіз, әсіресе, пәтерге шақырған болса. Кішкене күмәніңіз болса, полицияға хабарласыңыз", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget